• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Маусым, 2021

Назарбаев әуежайы 14 елмен әуе байланысын жандандырды

338 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы пандемияға дейінгі әуе байланыстарын қайта жандандырып, 14 елмен рейстерді қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев әуежайдың 90 жылдық мерейтойына арналған авиаторлар аллясының ашылу салтанатында айтты.

«Өкінішке қарай азаматтық авиация пандемияға байланысты ең көп зардап шеккен салалардың бірі болды. Бірақ осы жылдың басынан бері ұшулар қалпына келіп, негізгі көрсеткіштерде аздаған өсім байқалып отыр.

Жыл басынан бері рейстер саны 47 пайызға жетіп, 2,5 млн адамды қамтыды. Әуежайдың қызмет көрсететін жолаушылар саны 39 пайызға немесе 4,6 млн адамға артты. Бүгінгі таңда бүкіл Қазақстан бойныша ішкі рейстер толық жанданды», деді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы. 

Сондай-ақ комитет басшысы халықаралық рейстердің жайы туралы да мәлімет берді.

«Халықаралық рейстер туралы айтсақ, 14 елмен байланыс бар. Оның ішінде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Укарина, Германия, Грузия, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Египет, Нидарланд және Черногория бар.

Бүгінгі таңда комиссия қосымша шешім шығарды. Түркия бағытында Анталияға баратын рейсті көбейтеміз. Сондай-ақ Украина мен Тәжікстанға қатынайтын рейстерді көбейту бойынша жұмыс істеп жатырмыз», деді Талғат Ластаев.