Бұл жайында Асхат Аймағамбетов Antikor-мен өткен онлайн-сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Енді директорлар қабылдамайды, конкурспен қабылданады. Мысалы, бір бос орын болса тиісті жарнама беріліп, нақты жалақысы, міндеті мен мақсаты қандай, бәрі жазылады. Сол хабарлама бойынша үміткерлер құжатын тапсырады және барлығы ашық болуы үшін құжаттар электронды нұсқада қабылданады. Осыдан кейін тиісті комиссия шешім қабылдайды, осылайша мектепке ең мықты, ең білікті, ең білімді мұғалімдер келуі керек. Осы норма орындалу үшін қазір министрлікте тиісті бұйрық дайындалып жатыр, шамамен екі аптаның ішінде қол қоямын», деді министр.