• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экология 09 Маусым, 2021

Маңғыстауда сирек кездесетін үстірт текесі фототұзаққа ілікті

794 рет
көрсетілді

Қызылсай ауылының тұрғыны, облыстың қасиетті жері мен көрікті орындарын аралап, экскурсия жүргізіп жүрген Бағдат Бесмағамбетов өзінің Instagram парақшасында «Қызыл кітапқа» енген үстірт текесінің суреттері мен видеосын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, ол 7 маусымда Бекет-Ата жерасты мешіті аумағынан тау текесіне тап болған.

«Адамдар оларға тиіспейді. Бұған олар үйреніп алған, қашпайды да. Мен үстірт муфлонын Бекет-Атада бірінші рет кездестіріп тұрған жоқпын», деп жазды Бағдат Бесмағамбетов.

Үстірт муфлоны (атау - Үстірт тау қойы) – қошқарлар тұқымдасынан туындайтын тұяқтылар. Отырықшы өмір салтын жүргізеді. Аласа шөлді тауларда болады. Қазақстанда үстіртте кеңінен мекен етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына, сондай-ақ Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген.