• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2021

Алматы облысында сел жүрді

563 рет
көрсетілді

9 маусым күні қатты жауын-шашын әсерінен Жетісу Алатауы жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде су тасып, сел жүре бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салдарынан Сарыөзек - Көктал автожолының 171-шақырымында Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылының маңында автожол көпірінің көлік жүретін бөлігіне ені шамамен 700-800 метр судың шығуы байқалды.

«Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгінгі таңда сайда су жоқ, автожолда көліктер штаттық режимде жүріп жатыр», деп хабарлады ТЖД өкілдері.