• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экология 10 Маусым, 2021

Маңғыстаудағы елді мекендерді құм басып жатыр

438 рет
көрсетілді

Маңғыстаудағы Жарма, Сазды елдi мекендерiн құм басып қалу қаупi бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Серікбай Тұрымов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

Сан жылдар бойғы бұл мәселе уақытша ғана шешіліп отыр. Аймақ басшысының айтуынша құмның көшуін әзірге өңірдегі ірі мұнай-газ компанияларының техникалық қолдауымен ғана тоқтатып отыр. Мәселенi шешудiң бір ғана жолы бар. Яғни құмды өлкеге сай өсімдіктер отырғызу қажет.

Сексеуіл, жыңғыл, жүзгiн секілді бұталарды қоршау жасау арқылы өсірсе ғана қауіптің беті сейілмек.  Ол үшін  430 млн теңге көлемінде жобалық сметалық құжаттама жасақталған. Өңір басшысы алдағы уақытта бюджеттен қаражат бөлінсе мәселе шешімін табатынын айтты.