• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2021

Қостанайлық 20 жастағы жүргізуші 96 рет жол ережесін бұзған

208 рет
көрсетілді

Қостанай облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қаланың патрульдік полиция батальонымен бірлесіп сақтандыру полисінсіз шет мемлекеттердің көліктерімен жүрген және иелерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Патрульдеу барысында Қостанайда 20 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Ваз 2109» маркалы автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде ол 8 сәуірден бастап автоматты тіркеу құралдарымен 96 жол қозғалысы ережесін бұзғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыға 1 миллион 969 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жазып берді.

Сонымен қатар оның автокөлік құралын басқаруға құқығы жоқ және сақтандыру полисінсіз басқарғаны анықталды.

Аталған фактілер бойынша әкімшілік өндірістік іс қозғалды. Автокөлік Қостанай Әкімдігінің Мамандандырылған тұрағына қойылды. Тағы бір осындай тәртіп бұзушыны Рудный полицейлері ұстады.