• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Маусым, 2021

Еуропа чемпионаты: Бельгия Ресейді жеңді

380 рет
көрсетілді

Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде Ресей және Бельгия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған матч Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтті. Ойын барысында қос құраманың алма-кезек шабуылы көзге түсті. 

Бельгиялық құрама сапынан Ромелу Лукаку 10-минутта есеп ашса, 34-минутта Тома Мёнье есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде ресейлік футболшылар алға қарай ұмтылды. Оған бельгиялықтар өз деңгейінде қарсылық көрсетті. Кейбір сәттерде олар да басымдығын арттырды. Ромело Лукаку 88-минутта тағы бір мәрте мергендік танытып, кездесудің нүктесін қойды. Осылайша Бельгия қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.