• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Маусым, 2021

Вакцина алғандар қан донорлығынан 2 аптаға шеттетіледі

288 рет
көрсетілді

КВИ-ға қарсы вакцина алған адамдар қан және оның компоненттерінің донорлығынан 2 аптаға шеттетіледі. Бұл жайында ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатта иммуносупрессивті ем қабылдайтын пациенттерде және иммун тапшылығы бар пациенттерде жеткілікті иммундық жауап дамымауы мүмкіндігі ескертіледі. Сондықтан иммундық жүйенің жұмысын тежейтін препараттарды қабылдау иммуногенділіктің төмендеу қаупіне байланысты вакцинациядан бұрын және одан кейін кем дегенде 1 ай қарсы көрсетілім болады. Жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар екпелерді жүргізу үшін уақытша қарсы көрсетілімдер болып саналады. Вакцинация сауыққаннан немесе ремиссиядан кейін 2-4 аптадан кейін жүргізіледі. Жіті ішек ауруларында вакцинация денсаулық жағдайы қалыпқа келгеннен кейін жасалады.

«КВИ-ға қарсы белсенділігі жойылған вакциналармен (Hayat-Vax, QazVac, КоронаВак және басқалары) және векторлық вакцинамен (Спутник V) екпе алған адамдар қан мен оның компоненттерінің донорлығынан 2 аптаға шеттетіледі. Тірі вакциналарды пайдаланған кезде егілген адамдар қан мен оның компоненттерінің донорлығынан 4 апта мерзімге шеттетіледі. КВИ-дің жіті және сипмтом жоқ түрі бар адамдар КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатпайды. КВИ-ды қоса алғанда, инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі. Бұл ретте, КВИ-мен ауыратын науқаспен өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша жеке қорғаныш құралдарында байланыста болатын медицина қызметкерлері жатпайды», делінген қаулыда.