Израильде Нафтали Беннет бастаған жаңа үкімет жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Израильдің бір палаталы парламенті жаңа коалициялық үкіметке сенім білдірді.
Жаңа коалиция лидерлері 120 дауыстың 60-ын иеленді, 59-ы қарсы дауыс берді. Бір депутат қалыс қалды.
Осылайша, кнессет мүшелерінің шешімі 12 жылдан астам уақыт билікте болған «Нетаньяху дәуіріне» нүкте қойды. Билік құзыретін тапсыру салтанаты 14 маусымға жоспарланған.
Коалициялық келісім шеңберінде Нафтали Беннет (Жаңа құқықтар партиясы) премьер-министр лауазымын екі жыл атқарады, содан кейін ротация ережелеріне сәйкес бұл қызметті Яир Лапид (Еш Атид партиясы) алады.