Маңғыстау облысында құрғақшылықтың салдарынан фермерлер малға азық ретінде картон беруге мәжбүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Иә, бізде биыл қиындық болды, құрғақшылыққа ұрындық. Бірақ қазіргі уақытта облысқа жем жеткізіліп жатыр. Ақтөбе облысының кәсіпкерлері өңірге жем-шөп әкеледі», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін аймақта қуаңшылық салдарынан мал қырылып жатыр деп хабарланған болатын. Аймақта көктемде жаңбыр жаумады, сондықтан жайылымдарда шөп өте аз.