Вакцинациядан кейін антидене қанша уақытта қалыптасатыны туралы мамандар жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Вакцинациядан кейінгі бастапқы иммундық әсер алғашқы дозаны енгізгеннен кейін 12-14 күннен бастап ағзада қалыптаса бастайды.
Тұрақты иммунитет шамамен 1-1,5 айдан кейін екінші рет вакцинацияланған жағдайда қалыптасады. Осы инкубация кезеңінде екпе салдырған адам барлық сақтық шараларын ұстануы қажет. Бетперде тағып, әлеуметтікті қашықтықты сақтауы керек.