• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Медицина 16 Маусым, 2021

Қазақстанның вакцинация паспорты қай елдерге жарамды

256 рет
көрсетілді

Қазақстанның вакцинация паспорты қай елдерге жарамды? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта үш ел вакцинация паспортын екіжақты форматта мойындау туралы ниет білдірді. Яғни, Моңғолия, Венгрия және Таиланд паспорттарды өзара мойындау туралы өтінішпен жүгінді. Бүгінде олармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұған қоса, Түркия, Кипр сынды елдер барлық елдің вакцинация паспортын мойындайды», деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, еліміздің Сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттермен вакцинация паспортын өзара мойындау мәселесін пысықтап жатыр.

«Бірақ, бұған қатты арқа сүйеудің қажеті жоқ. Өйткені, іс жүзінде кез келген елге қолыңда ПТР-тест нәтижесі болса бара аласың. Сіз елге емін-еркін кіре аласыз. Сондықтан бұл жерде ешқандай проблема болмауы тиіс», деді Алексей Цой.