• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2021

Жапония вакцинация төлқұжаттарын 2021 жылы енгізбек

162 рет
көрсетілді

Жапония үкіметі вакцинация төлқұжаттарын 2021 жылдың шілдесінен бастап енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапондық бизнес-қоғамдастықтың өкілдері жұмысшылардың шетелдік сапарларға шығуын қамтамасыз ету мақсатында Еуропалық Одақ сияқты вакцинация паспорттарын енгізуді талап етіп отыр.

Осыған орай Жапония үкіметі муниципалитеттерге коронавирустық инфекцияға қарсы екпені алған азаматтар үшін сертификаттарды шығаруды шілденің соңында бастауға мүмкіндік бермек.

Вакцинаны қабылдағандардың паспорттары электронды түрде де шығарылуы мүмкін.