• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2021

Маңғыстауда әкімдік қызметкері басшыларын иіссумен «сатып алмақ» болған

219 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақтияр Қуанышбеков жиналыста қоластындағы қызметкерлеріне облыстағы басқармадағы басшылардың көңілін қалай табуды үйреткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиналыста түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып кетті.

Араға біраз уақыт өтпей облыстың екі бірдей басқарма басшысы ресми шағым түсірген.

«Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Қуанышбектің әріптестерімен әңгімелескен бейнежазбасы сыбайлас жемқорлыққа шақырады», деген видеода аттары аталған басқарма басшылары.

Мемлекеттік қызметші Б.Қуанышбектің шындыққа жанаспайтын әңгімесі әйелдердің ар-намысына нұқсан келтіреді. Осының бәрін ескере отырып, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Ж.Тоқбаева мен инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының басшысы В. Мұстапаева уәкілетті органдардан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң мен «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Кодекске сүйене отырып, Б. Қуанышбекке қатысты қатаң шара қабылдауды сұраған.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде моральдық залал келтіргені үшін айыппұл салу және ресми кешірім сұрау керегі айтылған.

Қазіргі уақытта бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты қызметтік тексеру басталды.