• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Маусым, 2021

Алматы облысында коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

163 рет
көрсетілді

Алматы облысында 13 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы тәулікте КВИ-дің 13 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,05%, оның ішінде 7 - симптоммен (53,8%) және 6 - симптомсыз (46,2%) жағдай.

20 маусымда облыс өңірлері бойынша КВИ көрсеткіші Жамбыл ауданында - 3, Қарасайда - 1, Қараталда - 1, Кербұлақта -1, Талғарда - 2, Талдықорған қаласында – 5 жағдайдан тіркелді», делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 21 маусымға дейін облыста КВИ-дің 27 006 жағдайы тіркелген.

Оның ішінде симптоммен - 16 966.

«Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,2%-дан (06.06-12.06), 0,1% дейін азайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Қаратал - 0,3%, Талғар -0,2% аудандарында байқалады. 26 037 науқас жазылып шықты.

Бір тәулік ішінде стационардан 9 пациент емделіп шықты. 15 адам үйден оқшаулаудан шығарылды», деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.