Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қанша адам вакцинадан кейін де коронавирус жұқтырғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі уақытта вакциналаудан кейін 1437 адам ауырған. Мұның өте төмен деңгей - 0,05% екенін атап өткім келеді. Өндірушінің өзі вакцинаның тиімділігін 92% деп көрсеткен, яғни 100 адамның сегізі ауырып қалуы мүмкін», деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Спикер «Спутник V», «Hayat-Vax» және «QazVac» вакциналарын алған науқастар туралы мәліметтерді келтірді.
«Спутник V» алғашқы дозасынан кейін 979 адам ауырып қалған, «QazVac-тен» кейін –сегіз және «Hayat-Vax» вакцинасынан кейін - 35 адам ауырған.