• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Маусым, 2021

Вакцина паспортын сатқандарды қандай жаза күтіп тұр?

512 рет
көрсетілді

Алматыда вакцинацияның электрон паспортын сатқандардың басшысы қызметінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

Онлайн брифинг барысында Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали жалған вакциная төлқұжатын сату фактісін болдырмаудың жолын айтты.

«Біз барлық медицина ұйымдарының бірінші басшыларына сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді тапсырдық. Ол үшін күн сайын өз ұжымын және вакцинация пунктерін тексеріп, бақылауға алу міндеттелді. Әрбір медициналық ұйымның басшыларына жауапкершілік жүктелді.Қазіргі таңда бұл мәселеге әр медициналық ұйымның басшысы жауап береді, яғни, дербес жауапкершілік бар. Егер мұндай әрекеттер анықталып жатса басшы атқарып отырған қызметінен кетуі де мүмкін. Сондықтан, олар бұл туралы жақсы біледі және ескертілген»,  деді Лаура Мырзағали.