• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ел және Елбасы 25 Маусым, 2021

Елбасы халықты екпе алуға шақырды

328 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты екпе алуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, бүгін Елбасы коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырған болатын.