• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Маусым, 2021

Үндістанда жарқанаттардан қауіпті вирус анықталды

522 рет
көрсетілді

Пуна қаласындағы Ұлттық вирусология институтының (NIV) ғалымдары Үндістанның батысында Махараштра штатында жарқанаттардан Nipah қауіпті вирусы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерттеуші, дәрігер Прагья Ядавтың сөзінше, бұл вирус түлкілер мен тышқандардан анықталатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ол дүние жүзіндегі қауіпті вирус деп таныған. 

Үндістанның өзінде Nipah вирусын жұқтырудың төрт дерегі тіркелген (2001, 2007, 2018 және 2019 жылдары). Былтыр наурыздан бастап ғалымдар Махабалешвара үңгірінде жүрген 80 тышқанның үлгісін алып, Nipah-қа қарсы РНҚ және антидене анықтаған.