Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева коронавируспен ауырған науқастарға вакцина салу уақыты өзгертілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Соңғы ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, сырқаттанып жазылған науқастардың үш ай өткенде вирусты қайта жұқтыру қауіптілігі жоғары болуына байланысты Бас мемлекеттік санитар дәрігердің соңғы қаулысы бойынша коронавируспен ауырған науқастарға 3 айдан кейін вакцина алу жұмыстары қолға алынған», деді Айнагүл Қуатбаева.