• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Маусым, 2021

Қазақстанда коронавирус жұқтыру және вакциналау қарқыны қатар өсіп келеді

181 рет
көрсетілді

Елімізде коронавирус жұқтыру қарқыны мен вакциналау қатар өсіп келеді. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінгі таңда жер шарындағы пандемияның қоздырғыш вирусының әртүрлі нұсқалары кең таралуына байланысты вакцинацияға деген сұраныс, талпыныс, вакцинамен қамтамасыз ету белсенділігі көптеген мемлекеттерде байқалуда. Жер шарында 182 миллионнан астам адам коронавирус жұқпасымен ауырған. Өкінішке қарай, соның арасында 3,9 млн өлім-жітім оқиғасы тіркеліп отыр», деді Айнагүл Қуатбаева.

Қазақстанда да пандемия басталғаннан бері вирус жұқтырғандардың саны біртіндеп жарты миллиондық межеге жақындап келеді.

«Қазақстанда лабораториямен дәлелденген 423 137 коронавирус індеті анықталған. Оның ішінде соңғы тәулікте 2016 жағдай тіркелген. Сонымен қатар коронавирусқа ықтималдығы жоғары, пневмониямен қатар жүретін 57 025 жағдай тіркелген болса, соңғы тәулікте 83 факті белгілі болды», деді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілі.