• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Білім 01 Шілде, 2021

Биоотын алудың тың тәсілі

1900 рет
көрсетілді

Ғылымның қай саласында болсын талапты жастар табылады. Мысалы, алматылық студенттер Назерке Халел мен Муниса Сайдиганиеваның «Күнбағыс майынан биоотын алудың маңызы» тақырыбындағы ғылыми жобасын алғаш рет «Фараби әлемі» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық конферен­циясында ұсынылған болатын.

Ғылыми жоба авторлары­ның айтуынша, биоотын­ның пайдасы мен маңызы зор әрі қоршаған ортаға тигізетін ­зияны аз.– Табиғи қорлар мен энер­гетикалық ресурстардың сар­­қылу мүмкіндігі пайда бо­л­ғаннан кейін адамзат олар­ды үнемдеуге және бала­ма­­лы қуат көздерін ойлап табу­ға ты­рысып жатыр. Соң­ғы жыл­дары әлемнің бір­қатар да­мы­ған елінде биоотын өн­діру қарқынды түр­де дамып келеді. Бұл бекер емес. Себебі биоотын – жаңар­тыл­ған энергияның көзі, эко­логия­лық мәселелерді ше­шу­дің тиім­ді жолы. Әрі арзан және қолжетімді. Уақыт өткен са­йын дамып келе жат­қан қоғам мұнай мен көмір өнімдері­нен гөрі адамға да, қоршаған ортаға да пайдалы отын түрін қолданғанды жөн көреді. Сол себепті де біз осы ғылыми-зерттеу жо­ба­­сын жүзеге асыруды жөн көр­дік, – дейді Қазақ ұлт­тық қыздар педагогикалық уни­верситетінің студенттері.Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінде өткен дәстүрлі жиында Қыз­дар университетінің жас ізде­нушілер жобасы қазылар алқасы тарапынан жоғары ба­ға­ланып, үшінші орынға ие болды. – Бүгінде жас ғалымдар «Химия» мамандығы бойынша білім алады. Бұл – олар­дың ғылым жолындағы алғаш­қы жетістігі. Студенттер тың жо­­баны алдағы уақыт­та Жа­ра­­тылыстану факульте­ті­нің базасындағы зертханада же­тілдіріп, болашақта Start up жобаларға қатысуды жос­пар­­лап отыр, – дейді студент­тер­дің ғылыми жетекшісі.Осы орайда айта кетейік, қоршаған ортаға зиянсыз отын­ды өндіруші елдердің саны жыл өткен сайын артып келеді және отынды өн­діру көлемі соңғы уақытта өсіп отыр. Әдетте биоотын түр­лі өсімдіктерден алынады. Айталық, осы отынды ең көп өндіретін Бразилия қант қамысынан алса, АҚШ-та оны жүгеріден өндіреді. Әрине, аталған отын түрін өндіруге деген Қазақстанның да ынта-ықыласы Еуропа елдерінен кем емес. Қазақстан биоэтанолды өндіру ісіне экспортқа бағытталған тауар ретінде басымдық беріп отыр. Бұдан бұрын еліміз өндіргелі отырған биоэтанолды бидайдан алып келгені аян.

АЛМАТЫ