• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Шілде, 2021

ДДСҰ әр түрлі вакцинаны араластырып салмауға кеңес берді

321 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы белгілі бір вакцинаның ғана екі дозасын алуға кеңес береді. Бұл туралы ДДСҰ иммунизация бөлімінің басшысы Кейт О'Брайен мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бізде екі түрлі вакцина салу кезінде иммундық реакция сақталатыны немесе оның қауіпсіздігі туралы мәліметтер әзірге жоқ. Екі доза салу қажет кезде екеуінде де тек бір вакцинаны қолдануды ұсынамыз», деп атап өтті сарапшы.

Сонымен қатар О'Брайен ұйымның AstraZeneca вакцинасының алғашқы дозасынан кейін Pfizer/BioNTech вакцинасының екінші дозасын салуды мақұлдайтындығын түсіндірді, өйткені мұнда аралас иммундаудың дәлелі бар.