• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Шілде, 2021

Еуропада жағдай қайта нашарлай бастады

177 рет
көрсетілді

Еуропадағы эпидемиялық көрсеткіштер тағы да нашарлай бастады. Бұл Үндістанда анықталған «дельта» штамына байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми мәліметтер бойынша, Ресейде маусым айында коронавирус жұқтыру дерегі 40 пайызға, 375 мыңға дейін артқан. Олардың басым бөлігінен «дельта» штамы анықталған. Ұлыбританияда да жағдай осыған ұқсас, онда қазір 100 мыңға жуық адам емделіп жатыр.

Еуропа елдері үшін инфекцияның жаңа штамы жаңа шектеулерге негіз болады. Мысалы, вирустың «дельта» нұсқасының таралуын тоқтату үшін Германия Португалиядан келгендерге екі апталық карантин енгізеді. Еурокомиссия мұндай шешімдерді келісіп енгізуге шақырды.

«Кез келген төтенше шешім туралы Еурокомиссияны және одақтың басқа елдерін мүмкіндігінше тезірек хабардар ету маңызды. ЕО-ға мүше мемлекеттер саяхатқа тыйым салмай қатаң шараларды енгізу туралы келісілген ұсыныстарды ұстануы керек. Германияның шешімдері бұған толық сәйкес келмейтін тәрізді», деді Еуропалық комиссияның ресми өкілі Кристиан Виганд.