Маңғыстау облысында көлік Каспий теңізіне құлап кетті. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желілерде Chevrolet маркалы автокөлігінің теңізге құлап кеткен видеосы пайда болды. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.
Аймақ полициясы оқиғаның Қаражанбас кен орны маңында болғанын айтты.
«Оқиға жайлы полицияға ешкім хабарласпады. Маңғыстау облыстық ауруханасына да хабар түспеген. Көлікті иесі шығарып алған», деді полиция қызметіндегілер.