• RUB:
    5.05
  • USD:
    494.95
  • EUR:
    525.49
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Шілде, 2021

Ақтаулық кәсіпкер тұрғындардың қаржысын алып, шетелге қашып кеткен

485 рет
көрсетілді

Ақтаудың ондаған тұрғыны жергілікті кәсіпкерге алданып қалды. Олар жиһаз компаниясына тапсырыс беріп, толық төлем жасаған. Бірақ алаяқ кәсіпкер миллиондаған қаражатты қалтасына басып, шетелге қашып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Екі ай бойы жиһазымызды күттік. Жиһаз да, ақша да жоқ. Менің қолыма жетпеген жиһаз үшін ай сайын 42 мың теңге төлеуге мәжбүрмін. Жеңілдік іздеп, алаяққа тап болдық», дейді Ақтау тұрғыны Жадыра Өтенова.

Ол 405 мың теңгеге несие рәсімдеп, ас үй гарнитурасына тапсырыс берген.

Өтеновамен бірге жиһаз салонында жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын 20-ға жуық адам жиһазға тапсырыс берген. Біреулері қолма-қол ақшамен төлесе, басқалары банк арқылы аударымдар жасаған.

«Ақтау полиция басқармасына алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша бірқатар өтініш түсті. Кәсіпкер жиһазды уақытында жасауға уәде беріп, бірақ тапсырыстардың құнын алғаннан кейін уәдесін орындамаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта бұл азаматты ұстау шаралары жүргізілуде», деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Кәсіпкердің бұған дейін де алаяқтық үшін жауапқа тартылғаны анықтады. Енді жаңа іс бойынша ер адамның мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.