• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2021

Қостанайда әкесі туған ұлын балталап тастады

2853 рет
көрсетілді

Қостанайда 73 жастағы ер адам баласын балтамен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция басқармасы «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

30 жастағы ер адам 73 жасар әкесінің жұмыс орнына мас күйінде келіп, жанжал шығарғаны белгілі болды.

«Әкесі мен баласы арасындағы жанжал ушығып, күдікті ұлының басын балтамен ұрып, басқа да дене жарақаттарын салған», деп түсіндірді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.