Беларусь Украинамен арадағы мемлекеттік шекарасын күшейтілген режимде күзетуде. Шекара учаскелерінде жасақтардың саны көбейтілді. Бұл туралы сенбі күні ТАСС агенттігіне Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінің ресми өкілі Антон Бычковский хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
2 шілдеде Беларусь Президенті Александр Лукашенко шекара әскерлеріне Украинамен шекараны толығымен жабуды бұйырды.
Оның айтуынша, бұл шешім республикаға көрші елден қару-жарақтың көптеп келуіне байланысты қабылданған.
«Украинадан Беларусь еліне көптеген қару-жарақ келеді. Сондықтан мен шекара әскерлеріне Украинамен шекараны толығымен жабуды тапсырдым», деді А. Лукашенко.