• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ел және Елбасы 06 Шілде, 2021

Валентина Матвиенко Елбасыны құттықтады

221 рет
көрсетілді

Елбасы Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Валентина Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Елорда күнімен құттықтап, зор денсаулық пен жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Федерация кеңесінің төрағасы жауапты шешімдер қабылдап, көреген саясат ұстана білген Нұрсұлтан Назарбаев кең ауқымды реформалардың іргетасын қалағанын, өз елінің жүйелі дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз еткенін, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға ықпал еткенін атап өтті.

Елбасы Валентина Матвиенкоға жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық қатынасы аясында екі ел арасында парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызын айтты.