Vir Biotechnology және Темпл университетінің геномика және эволюциялық медицина институтының ғалымдары математикалық есептеулер негізінде коронавирустық мутацияны болжауға мүмкіндік беретін модель жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғалымдардың болжамына сәйкес, алдағы төрт айда 22 жаңа SARS-Cov-2 мутациясы пайда болады. Сонымен қатар сарапшылар коронавирустың бүкіл әлемге кең таралатын және пандемияның әр түрлі кезеңдерінде әрекет ететін өзгерістерін ескереді.
Модельдің коронавирустың жаңа мутациясы таралмай тұрып бес ай бұрын болжай алатындығы нақтыланған. Жаңа модельдің көмегімен ғалымдар бұған дейінгі вирус штамдарынан бөлек, L452R, P618R, E484Q мутациясын да болжады. Яғни бұл олардың үнділік «Delta» штамы әлемге жайылмай тұрып, оның туындайтынын болжаған дегенді білдіреді.