• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Шілде, 2021

Қызмет көрсету саласындағы алаяқттық тыйылар емес

350 рет
көрсетілді

Жиһаздарды жөндеу қызметтерін «ұсынған», бірақ өз міндеттемелерін орындамаған қостанайлыққа қатысты полицияда 24 арыз тіркелді. Тәртіп сақшылары жәбірленушілердің арыздарын алуды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әулиекөл ауданының 27 жастағы тумасы облыс орталығында жеке кәсіппен айналысуға шешім қабылдаған. Сол мақсатпен ол ағасының атына ЖК тіркеп, жалға кеңсе алған. Кәсіптің мәні жұмсақ жиһазды тарту және жөндеу қызметтері болды. Клиенттерден түскен 20, 30, 50 мың теңге аз болып көрініп, ең үлкен мәміле 300 мың теңгені құраған», деп хабарлады полициядан.

Күдікті дивандар мен креслоларды жалға алынған көлікпен алып кетіп, алаяқтыққа туыстары мен таныстарын тартқаны белгілі болды.

«Нәтижесінде алданғандардың саны 24 адамды құрады. Кейбіреулері БАҚ пен әлеуметтік желілерде облыстық полиция департаментінің хабарламасы шыққаннан кейін полицияға жүгінген. Азаматтарға жалпы сомасы бір жарым миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Алаяқ тапсырыс берушілердің міндеттемелерін қаржылық қиындықтар себебінен орындамағанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық істер Оңтүстік полиция бөлімінен сотқа жолданды», деп түсіндірді полиция департаментінде.

Полиция қызметкерлері жәбірленушілер саны одан да көп болуы мүмкін екенін айтуда. 

Сондай-ақ Қостанай полицейлері тағы бір алаяқтық туралы ескертеді.

«Оңтүстік полиция бөлімінің іс жүргізуінде Қостанайдың 29 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істер қозғалды. Ол азаматтардан «септик дайындағаны» үшін ақша жинаған. Бүгінгі таңда жәбірленушілердің алты өтініші тіркелді», деп толықтырды ведомстводан.