• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Шілде, 2021

7 мыңға жуық азамат «қандас» мәртебесін алды

346 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері елге келген 6935 қазақ «қандас» мәртебесіне ие болды. Олардың ішінде 404 қандас Қазақстан азаматтығын алды, деп хабарлайды Egemen.kz «Отандастар» қорына сілтеме жасап.

«Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 77,3 мың этникалық қазақ оралды. Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі, яғни 76,3% - Өзбекстаннан келсе, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан, 1,2% – Қырғызстан, 0,5% – Иран, 0,3% – Ауғанстан және қалған 2,5% басқа елдерден қоныс аударған», делінген «Отандастар» қорының хабарламасында.

Елге келген этникалық қазақтар негізінен Алматы, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Шымкент қаласына қоныстанған.

2019 жылы 17 661 этникалық қазақ немесе 9 993 отбасы тарихи отанына оралды және қандас мәртебесіне ие болды. Елімізде жыл сайынғы қандастарды қабылдау квотасы тоқтаған жоқ.

2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды.

Өткен жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (53,1%) - ҚХР-дан, 31,3% – Өзбекстаннан, 8,7% – Түркіменстаннан, 3,7% – Моңғолиядан және 3,3% - басқа елдерден келген.