• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Шілде, 2021

Алматыда кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

266 рет
көрсетілді

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, алаяқтар Instagram-ның белсенді пайдаланушыларын, сондай-ақ Instagram парақшаларында ең көп жазылушы бар аккаунттарды таңдап, Instagram қолдау қызметінің жалған бетінен «сіздің есептік жазбаңыз тексеріліп, орнатылды - сізге «көк белгі» мәртебесі беріледі. Оны алу үшін сілтеме бойынша өтіп, Instagram парақшаңыздың құпиясөзін енгізу қажет» деген тікелей SMS жібереді. 

Құпиясөз енгізілгеннен кейін пайдаланушы өтінім қабылданған және үш күн ішінде қаралатыны жөнінде жазылған мәтіні бар бетке түседі.

Бірнеше сағаттан кейін пайдаланушы өз парақшасын толығымен жоғалтады.

Осыдан кейін ұялы телефонға немесе WhatsApp-қа «бұл парақша бұзылған және сіз 200-ден 1000 долларға дейін төлеуіңіз керек» деген SMS хабарлама келе бастайды. Парақшаны қайтару үшін ақша төленсе де, парақша қайта қалпына келмейді.

«Тек бүгінгі күннің өзінде аталған жағдай бойынша полиция департаментіне Алматы қаласының 6 тұрғыны өтініш білдірді», деді Рустам Абдрахманов.