• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 12 Шілде, 2021

Медиа - өнер мүмкіндігі

746 рет
көрсетілді

Жуырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында корей суретшісі Ли Инамның цифрлы өнер туындыларының көрмесі ашылды.

Көрме Елбасы кітапхана­сы­ның «Мәдениет арқылы үнқа­тысу» халықаралық көрме жо­басы аясында Қазақстан Респуб­ликасындағы Корея Республика­сы елшілігінің Корей мәдениет орталығымен бірлесіп, Нұрсұлтан Назарбаев қорының көмегімен ұйымдастырылды.

Көрме қазіргі заманғы көр­кем тілге, тың техника саласына қы­зығатын көрермендерді қы­­зық­тыруға бағытталған. Ли Инам­­­ның цифрлы туындылары бей­­не, дыбыс, қозғалыс арқылы кө­­рер­меннің шығармамен байланыс орнатуына, өзін кеңістіктің ішінде сезінуге мүмкіндік береді.

Көрмені Елбасы кітапха­­насының Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Күләйша Ақтаева ашты: «Бұл көрменің ерекшелігі неде? Мұнда жиырма жылдан бері бел­сенді дамып келе жатқан бағыт ұсынылады. Оны кейбіреулер медиа-өнер десе, енді бірі диджитал өнер деп атайды. Біз жоба авторы Ли Инам мырзамен хабарласып, оның жұмысын терең зерттей келе, жалпы бір арнаға тоғы­су идеясын көтердік. Көрмеде адамның күнделікті күйбең тір­шіліктен сәл аяңдап, ертеңгі күн туралы ойға шомып, кез кел­ген кедергілерге қарамастан ал­дағы мүмкіндіктердің шексіз­дігін көрсететін бес картина ұсы­нылды».

Өз кезегінде Корея Рес­пуб­­ликасының Қазақстан Респуб­ли­касындағы Төтенше және Өкі­летті Елшісі Ку Хонг-сок Тәуел­сіздіктің 30 жылдығында Қа­зақстанның астанасында ашыл­ған көрменің ерекше мәнге ие екендігін айтты.

«Көрме әлемге әйгілі ко­рея­лық медиа-суретші Пэк Нам Джун­ның мұрасын жалғастырушы Ли Инамның ең алғашқы әрі жа­ңа туындылары арқылы сіз­дерге Кореяның мәдениеті мен сұлул­ығын жеткізу үшін ұйым­дастырылды», деді елші.

Жаһандық сын-қатерлер әлем­дік экономикаға ықпал етіп қой­май, өнерде де революциялық өзгерістер тудырды. Мұны Ли Инам­ның Signal of Light цифр­лы өнер туындыларының көр­месі дәлелдейді. Видео-арткеңіс­тіктегі түс, пішін, жарық ұғым­да­рын қабылдау бейнелеу өнерінің ауқымын кеңейтеді.

Ол үйреншікті емес палит­­раны негізге алады. Бейне­ма­териалдарды тамашалайтын кө­­рер­мендер сиқырлы фонарьдан кино­театрға, оптикалық иллюзия мен панорамалық кескіндемеден виртуалды өмір­ге дейінгі медиа-өнердің дамуын бақылай алады. Бейне сю­жеттері көрерменнің мұқият қа­рап, тереңірек және ұзақ сезі­нуіне мүмкіндік береді.