«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Маңғыстау облысының шалғай өңірлеріне 546,304 тонна арзандатылған арпа жеткізу жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы корпорацияның баспаөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Корпорация 13 шілде күні 9 вагонға арпа артуға кірісті. Арпа қабылдауға және одан әрі мал шаруашылықтары арасында таратуға ыңғайлы болуы үшін бірден 45-50 кг қаптарға салынып жатыр. Аталған жұмыс Ақ-көл станциясындағы «Астық қоймалары №1 астық базасы» ЖШС астық қабылдау кәсіпорнында іске асып отыр.
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» маусым айында Маңғыстау жұртын жем-шөппен қамтамасыз ету үшін жалпы көлемі 637,294 тонна болатын 10 вагон жеткізген еді.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысының мал шаруашылығы кәсіпорындарына да арпа жіберу жұмысы жалғасып жатыр.