• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Шілде, 2021

Ауыл тұрғындарын 47 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ сотталды

376 рет
көрсетілді

Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға көмек көрсетемін деп алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жұмысқа орналасуға уәде берген және бұл «көмегін» 500 мың теңгеге бағалаған алаяққа жергілікті тұрғын арыз бергені. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде бұл іс ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Полиция күдіктінің ізіне түсіп, оны тұрғылықты жері бойынша ұстады. Тергеушілер оны алаяқтықтың 97 фактісіне қатысты деп санайды. Оның әр алаяқтығы бір жоспар бойынша жүзеге асырылып, нәтижесінде 300-ден 700 мың теңгеге дейін ақша алған. Жалпы шығын көлемі 47 миллион теңгені құрады.

Іс материалдары Мақтаарал аудандық сотында қаралып, алаяқ әйел қылмыс жасағаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.