Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы 2021 жылдың 15 шілдедегі №14 қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz. Қаулы мәтіні mangystaumedia.kz сайтында жарияланған.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Ведомствоаралық комиссия «қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады, тоқтатылсын:
Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары; жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.Демалыс және мереке күндері қызметіне тыйым салынсын:
қоғамдық көліктің; Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің; Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің; Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің; Ashyq жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің; Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары); білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының; Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың.Жұмыс күндері қызметтері шектелсін:
20-00 сағатқа дейін Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің; ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің Ashyq жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін; Ashyq жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін, Ashyq жүйесіне қатыспайтындар - сағат 18-00-ге дейін.