Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің және Сенат депутаттарының атынан ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентінің уәкілетті өкілі Асхат Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Сенат Төрағасы көңіл айту жеделхатында дипломат әрі мемлекет қайраткерінің ерен еңбегін атап өтті.
«Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабай ұзақ уақыт Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Ол біздің еліміздің консулдық қызметін дамытуға елеулі үлес қосты. Оның парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмысы жоғары бағаға лайық», делінген жеделхатта.