• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2021

Өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

390 рет
көрсетілді

Балқаш тұрғынының атына екі миллион теңге несие алған алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 мамырда Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттің құрбаны болғанын айтқан. Алаяқ жәбірленушінің деректерін пайдаланып, екі миллион теңгеге несие рәсімдеген.

Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

16 шілдеде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.