• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Шілде, 2021

Мектеп оқушыларына міндетті вакцина салынатыны рас па?

544 рет
көрсетілді

Facebook желісінде COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған балаларды мектепке жібермейтіні туралы хабарлама тарауда, деп жазады Egemen.kz.

Алайда stopfake.kz сайтына бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады.

Хабарламада автор ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінен мысал келтіреді. Министр ағымдағы жылдың 19 шілдесінде «Хабар 24» телеарнасының эфирінде Қазақстанға Pfizer/BioNTech өндірген COVID-19-ға қарсы вакцинаны жеткізу жоспары жайлы баяндаған.

Бүгінгі таңда бұл препарат клиникалық сынақтардан өтіп, 12 жастан асқан жасөспірімдерді вакцинациялау үшін мақұлданған. Алайда, бұл біздің елімізде 12 жастан асқан оқушыларға вакцинация міндетті болады деген сөз емес. Алексей Цой мұндай мәлімдеме жасаған жоқ.

Біріншіден, Pfizer/BioNTech вакцинасының алғашқы партиясы осы жылдың қазан айында, яғни оқу жылы басталғаннан кейін әкелінуі мүмкін. Екіншіден, денсаулық сақтау министрінің өзі хабарлағандай, балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялау тек ерікті түрде ғана жүргізіледі және кәмелетке толмағандар ата-аналарының келісімімен ғана егіледі. 

Демек, екпе салдырмаған балаларды білім алуға конституциялық құқығынан айырады деген қауесет негізсіз және шындыққа жанаспайды. Қазақстандық оқушылар вакцинация мәртебесіне қарамастан білім алатын болады.