• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Шілде, 2021

Ресейде қайта вакцинациялау науқаны басталды

228 рет
көрсетілді

Ресей астанасында COVID-19-ға қарсы қайта вакцинациялау науқаны басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәскеудің барлық егу орталықтарында вакцина салдыруды қалаған азаматтарға коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салынады.

«Спутник Лайт» немесе «Спутник V» препараттарымен қайта егу 119 емханада, павильондарда, мемлекеттік қызметтер орталықтарында және басқа да белгілі қоғамдық орындарда жүргізіледі», деді Мәскеу мэрінің орынбасары Анастасия Ракова.  

Қайта егу ағзаны жаңа әрі қауіптірек штамдарды жұқтырудан қосымша қорғанысты қалыптастыруға көмектеседі. COVID-19-ға қарсы қайта вакцинациялауды жылына бір рет жүргізу ұсынылады.