ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия вакцина салдырған азаматтардың санын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
2021 жылғы 25 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 127 049 адам салдырды.
Ал 2-ші компонентімен 3 232 019 адам егілді.