АҚШ хайуанаттар бағында сирек кездесетін қар барысы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz Centre Daily-ге сілтеме жасап.
Өткен бейсенбіде жабайы табиғатты қорғау мамандары Рамиль есімді 9 жасар қар барысының жөтеліп, мұрнынан су аққанын байқады. Медициналық сараптамалар жыртқыштың COVID-19 инфекциясын жұқтырғанын растады.
Сан-Диего хайуанаттар бағының қызметкерлері барыстың коронавирусты қалай жұқтырғанын білмейтіндерін айтты. Қаңтар айында олар өз жануарларын тазартылған донорлық рекомбинантты вакциналармен вакцинациялай бастаған. Алайда, бұл жыртқыш әлі егілмеген.
Рамиль ұрғашысы мен екі Амур барысымен бірге тұрады. Хайуанаттар бағының өкілдері қалған жануарларды да COVID-19 жұқтырып, карантинге жатқызылуы мүмкін дейді.
Олардың айтуынша, қазір барыс өзін жақсы сезінеді және вирустың басқа белгілері байқалған жоқ.
Бұдан бұрын Үндістанның оңтүстігінде орналасқан Хайдарабад қаласындағы хайуанаттар бағында сегіз арыстаннан коронавирус табылған болатын.