• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Шілде, 2021

Елордада балалар коронавируспен жиі ауыра бастады

332 рет
көрсетілді

Елордада маусым айынан бастап балалар арасында коронавирус инфекциясының өсуі байқалады. Бұл туралы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, инфекционист дәрігер Роза Өтегенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Отбасында ересек адам ауырса, тіпті жеңіл түрі болса да, балалардың барлығына бұл ауру жұғады. Бүгінгі күні инфекциялық орталықта КВИ жұқтырған 110-нан астам бала емделуде», дейді дәрігер.

Сондай-ақ, ол «Дельта» штаммы өте агрессивті екенін атап өтті, сондықтан балалар бұл індетті ересектерге қарағанда оңай әрі тез жұқтырады.

«Балаларда ауру симптоматикалық емес, клиникалық айқын формаларға дейін созылады. Балалардағы негізгі белгілер – интоксикация, дене қызуы, катаральды көріністер болуы мүмкін. Сондықтан, бастапқыда қарапайым вирустық инфекциялардан еш айырмашылығы жоқ деп айта аламыз. Бірақ динамикадан кейін асқынулар болуы мүмкін, сонымен қатар созылмалы аурулар болған кезде балаларда созылмалы патологиялардың декомпенсациясы басталуы мүмкін. Бұл жағдайдың нашарлауына алып келеді», деді Роза Өтегенова.

Дрігердің пікірінше, баланың коронавирус жұқтырғанға дейінгі денсаулығына да назар аудару керек. Яғни, егер ол КВИ-ге дейін сау болса, ауру жеңілірек түрде жүреді.

«Ауру ағымының ерекшелігі – олардың инфекциялық процесі кез-келген кезеңде аяқталуы мүмкін, яғни бала не тез емделіп шығады немесе бірден ауыр түріне жетеді. Инкубациялық кезең ересектердегідей өтеді: 4-тен 14 күнге дейін. Алайда, балада қосымша аурулары болса, оның жағдайы жылдам нашарлауы немесе нашарламауы мүмкін», дейді маман.

Инфекция асқынатын негізгі орта ересектердегі секілді - өкпе. Бірақ жүрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары болуы да мүмкін. Сол сияқты ауыр түріндегі сепсис пен шок жағдайына дейін әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, балалардың бірден бірнеше жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін, бұл денеге теріс әсер береді.

«Ата-аналардың бәріне сақтық шараларын қатаң сақтауын, әсіресе вакцинациядан өтуі керектігін айтқымыз келеді. Негізінен екпе алмаған отбасылардың балалары ауыр түрде ауырады. Вакцинация алыңыз, өзіңізді және балаларды қорғаңыз! Өйткені, кішкентай балалар өздерінің ауырып қалғанын түсінбеуі мүмкін, ал кейін ауру ауыр күйде өтеді», деп қорытындылады Роза Өтегенова.