• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 28 Шілде, 2021

Оқушылардың бірінші тоқсанда қандай форматта оқитыны айтылды

2340 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын», деген Жомарт Қарамбаев қалыпты оқу форматына ауысу үшін педагогтерге вакцина алу талабы қойылмайтынын айтты.

«Мұндай талаптар қойылмайды, мұғалімдер ерікті түрде екпе алып жатыр. Ең бастысы, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Сол үшін ұстаздардың 100 пайыз вакцина алғаны жөн болар еді», деді ведомство өкілі.