Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Telegram-да COVID-19-дан орын алған өлім-жітім санының күрт өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өткен аптада әлемде COVID-19 жұқтыру фактілерінің жалпы саны 3,8 миллионнан асты, мұның салдарынан қаза тапқандар саны күрт өсті. 69 мыңнан астам адам қайтыс болды, бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 21%-ға көп. Бұл туралы ДДҰ-ның апта сайынғы есебінде айтылған. Коронавирус инфекциясының жылдам таралуы Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Батыс-Тынық мұхиты аймағында байқалады», делінген ақпаратта.