• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Шілде, 2021

Түркия «Спутник V» вакцинасының өндірісін бастауға ниетті

273 рет
көрсетілді

Ресей-Түркия үкіметаралық комиссиясының отырысында Түркия өз аумағында коронавирусқа қарсы «Спутник V» ресейлік вакцина өндірісін бастауды жоспарлап отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz interfax.ru сайтына сілтеме жасап.

РФ вице-премьері Александр Новактың айтуынша, бірнеше айлардың ішінде түрік компаниялары бірнеше кәсіпорындарда «Спутник V» өндірісін бастауды жоспарлап отыр.

«Біз Түркияның денсаулық сақтау министрлігінің ресейлік вакцинаны қолдануды мақұлдау туралы шешімін қолдаймыз», деді ол.

Отырыс барысында Новак қос мемлекетің фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты арттыру перспективаларын көріп отырғанын айтып, Түркия аумағында ресейлік технологияларды қолдана отырып иммунобиологиялық препараттар өндірісін құруға оралу керек екенін тілге тиек етті.

Түркия «Спутник V» вакцинасын қолдануды сәуір айында мақұлдап, маусым айының ортасында елге ресейлік вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілген болатын.