• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Тамыз, 2021

А.Цой тамыз-қыркүйек айларындағы эпидахуалға болжам жасады

1170 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің кезекті отырысында еліміздегі эпиджағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Министрдің айтуынша, ауруханаларындағы төсек-орын 56 пайызға толып тұр.

«Эпидахуалды бақылау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта. 3 тамыздағы жағдай бойынша, ауруханалардағы төсек-орынның 56 пайызға толып тұр. Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды облыстары «қызыл-қоңыр» аймақта тұр», деді Цой Үкімет отырысында.

Министр Қазақстан бұған дейін жасалған болжам бойынша оптимистік сценариймен келе жатқанын атап өтті. 

«Тамыз-қыркүйек айларындағы эпидахуалға болжам жасайтын болсақ, біз оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз. Оптимистік сценарийдің алдағы дамуы карантин режимін сақтап, вакцинация қарқынын көбейтумен байланысты болады», деді министр.