• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Тамыз, 2021

ДДСҰ ревакциналауға мораторий енгізуге шақырды

273 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус ревакцинацияға уақытша мораторий енгізуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гебрейесус ықпалы бар барлық адамды: Олимпиада спортшыларын, инвесторларды, бизнес көшбасшыларын, дін көшбасшыларын және әрбір адамды кем дегенде қыркүйек айының соңына дейін вакцинаның қосымша дозаларына мораторий енгізуге шақырды.

ДДСҰ сарапшылары жыл соңына дейін бүкіл әлемде халықтарды жеткілікті түрде вакциналау үшін ревакциналауға мораторийді ұзартуға тура келеді деп санайды.

ДДСҰ-ның бағалауы бойынша, әлемде COVID-19 вакциналарын алуда жаһандық теңсіздік пайда болған, кедей елдерде вакцина алғандар саны бай елдердегі екпе алғандар санына қарағанда әлдеқайда аз. Бұған дейін ДДСҰ-ның бас директоры қыркүйекке дейін әр елдегі халықтың кем дегенде он пайызын вакциналауға шақырған болатын.