ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайына қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
9 тамыздағы дерек бойынша, қазір ел өңірлерінде 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (–109 382 + және 3 804 КВИ-) ем қабылдауда. Олардың ішінде 31 504 пациент стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 981 адамның жағдайы ауыр,
- 402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 192 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.